Алматыда 2008-жылғы көктемде американ киносының фестивалі өтеді - ұйымдастыру комитеті

Бұдан бұрын хабарланғанындай, АҚШ-тың коммерциялық емес фильмдерінің көрсетілімі Алматыда 2007-жылғы қыркүйектің 23 мен 28 аралығында өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен осы мерзімде халықаралық IV "Еуразия" кинофестивалі мен "Шәкен жұлдыздары" жыл сайынғы фестивалін өткізу межеленген. "Осылайша фестивальдар бір-біріне кедергі келтірмеуі үшін және көремендер барлық туындыларды тамашалай алулары үшін біз шараның мерзімін кейінге шегердік", - дейді ұйымдастырушылар.

Американ киносына арналған фестивальда 69 кинотуынды ортаға салынбақ. Сонымен бірге бірнеше қазақстандық режиссер де өз жұмыстарын жұртшылық назарына ұсынады.

Қазір ұйымдастырушылар қатысушылармен келіссөздер жүргізуде. "Мерзім өзгертілуге байланысты оған қатысатын фильмдер мен қонақтардың тізімі өзгертілмейді", - деп сенеді ұйымдастырушылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті