Күдіктілер 5-сәуір күні ұсталды, олар мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакске" Қырғызстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ұсталғандарға қатысты материалдар Бішкекке 5-сәуір күні Қазақстан бас прокуратурасынан түсті, деп хабарлады Қырғызстан бас прокуратурасынан.
Алматы ауданаралық соттың 2011 жылғы 10 қазан күнгі үкіміне орай журналисті өлтіруі фактісі бойынша мемлекеттік ҰҚК бұрынғы қызметкері Алдояр Исманқұлов және Қазақстан азаматтары А.Игіліков пен Ш.Орозалин сотталған.
Г.Павлюк Қырғызстанның екінші президенті Құрманбек Бакиев туралы сыни материалдар жазатын. Алматыға сапары барысында 2009 жылы 16-желтоқсанда оны қонақ үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Ол есін жимастан екі күннен соң қаза болды.