Германияның Сыртқы істер министрлігі мен Гете институтының ұйымдастыруымен ашылған шарада әр келуші "Тілдің қоғамдық рөлі қандай?", "Тіл қалай және неге өзгереді", "Тілді және ұқсастығын не байланыстырады?" деген сұрақтарға жауап ала алады. Неміс тілімен танысу қызықты, тартымды болу үшін мультимедиалық, интерактивті тақталар және бейне, аудио материалдар ойын-сауық түрінде жасалған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түрде жасалған көрме неміс тілін барынша талдап, оқып үйренуге мүмкіндік бермек.
Көрме "Неміс тілінің пайда болуы", "Жастар тілі", "Тіл және саясат", "Тіл және өнер", "Тіл өзгерістер барысында" , "Шеттен келген тіл" атты тақырыптық топтамаларға бөлінген.
Шара неміс тілін жете түсіну және білу мақсатымен ұйымдастырылған.
Көрме 28 қарашаға дейін жалғасады.