Шараның мақсаты - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің шығармашылық іскерлігін дамыту. Дене шынықтыру - спорт жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдау, қоғамдағы дене шынықтыру және спорттың басымдығын бекіту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оған еңбек өтілі 3 жылдан кем емес мектептегі және қосымша білім беру мекемелеріндегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Байқаудың бірінші кезеңінде бүгін үміткерлер №148 мектеп-гимназиясында ашық сабақ өткізіп жатыр. Ертең №110 мектеп-гимназиясындағы 2-3 кезеңнің сайыстарында олар "Ашық шығармашылық тұсаукесер» мен «Талантыңмен таңқалдыр» сынынан өтеді.