Алматыда 2014 жылдың маусымынан іздеуде жүрген адам ұсталды


«Ақтөбе облысының 30 жастағы тұрғыны тонау және автокөлікті заңсыз айдап әкету қылмыстары бойынша Ақтөбе түрмесінде 7 жылдық жазасын өтеп жатқан. 2014 жылдың маусымында еркін қозғалу құқығын пайдаланған ол жұмыс нысанынан қашып кеткен. Сол кезден бастап, ол іздеуде болған. ҚАЖ қызметкерлерінің ықпалдасуымен Алматы ІІД криминалдық полиция өкілдері қылмыскердің ізіне түсіп, оны ұстады», - делінген ведомство хабарламасында.

«ҚР ҚК 427-бабына сәйкес, жазасын өтеуден бас тартқаны үшін сотталған екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінен.