Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 37 шақырымда, Іле Алатауындағы Талғар шыңы маңында болды.

Алматыда 2-3 балл, Талғарда 3-3,5 балл жер сілкінісі сезілді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен бүліністер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.