Дегенмен процесс осылайша басталмай жатып, бітіп қалды. Айыпкер ретінде шақырылған Денис Кречетов пен Александр Чересков адвокат тауып үлгермеген екен. Бұл екі азамат тұрғын үйге газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізген жұмысшылар. Оларға техникалық ережені сақтамаған деген айып тағылып отыр. Қайғылы оқиға 2013 жылдың қазан айында болды. Тұрғын үйлерге тартылып бітпеген құбырға ескертусіз газ жіберілген. Салдарынан жарылыс болып, Кенебаевтардың аяғы ауыр келіні мен екі кішкентай бала жан тәсілім еткен еді. Содан бері 1 жыл 8 ай өтсе де, жауапты «Алматы газ желілері» серіктестігіне қатысты іс созылып келеді. Ал айыпкер деп танылған екі жұмысшыға адвокат сайлап алу үшін апта соңына дейін мұрсат берілді.
Дәулет Кенебаев, қаза болған әйелдің күйеуі:
-5 ергеуші ауысты бүкіл іс бойынша. Бастықтар уәде бергенімен сөзінде тұрмайды. Бастықтардың өздері де ауысып кетті. Сол тергеушілер бастық боп көтеріліп алды.
Loading...