Алматыда 3 аптаның ішінде 30 жерде топырақ көшкен


«Қазселденқорғау» мекемесінің болжауынша, қауіптілік əлі де сақталады. Қалалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына таулы аймаққа шығуды кейінге қалдыруға кеңес берді. 

Таулы аймақтың тұрғындарына аталған ландшафтты бақылауда ұстау тапсырылды. Лай көшу белгісі байқалған жағдайда, қауіпті жерден көшуге дайын отыруға кеңес берілді.