Алматыда 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды

Қайғылы оқиға туралы хабарлама түскі 16:43-те түскен. Жұмысшылар жер қазып жатқан кезде топырақ опырылып түскен.

Алматы қалалық Құтқару қызметінің қызметкерлері үйінді астынан 3 адамның денесін алып шықты.

Қаза болғандардың екеуі  33 жастағы  Алматы қаласының және облысының тұрғындары болып шықты. Үшінші адамның кім екендігі анықталып жатыр.