Алматыда 4 балл жер сілкінісі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының мәліметтерінше, 9 қазан күні 22 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының шекарасында энергетикалық классы 12,6 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 81 шақырым жерде тіркелген. Алматыда қуаты 4 балл жер асты дүмпуі сезілді.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті