Қалалық Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері ол азаматтың шетел валютасын кеден арқылы заңсыз тасымалдап бара жатқанын анықтаған.
Ұсталған азамат 40 мың АҚШ доллары көлемінде қаржыны алып шекара аспақ болған.
«Кеден шекарасынан өту кезінде тәркіленген ақша декларацияда көрсетілмеген. Бүгінде Алматы қаласы бойынша КБД тәркіленген дәйекке қатысты тексеру амалдарын жүргізуде, тексерудің нәтижесінен кейін процессуалды шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.