Алматыда 4-5 баллдық жер сілкінісі сезілді


Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 28 шақырым жерде Қырғызстанмен шекара маңында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.9 болса, магнитудасы MPV 6,3 ал тереңдігі 15 шақырымды құраған.

Алматы қаласында зілзаланың 4-5 баллдық әсері болып, жер сілкінісі сезілді.