Алматыда 5 адам, соның ішінде бір бала ыс тиіп ауруханаға жатқызылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 қаңтарда 10 сағата "Мегастрой"ЖШС екі жұмысшысы құрылыс вагончигіндегі пештің ақауы салдарынан ыс тиіп ауруханаға жатқызылды.

Бұған қоса, 29 қаңтарда 23 сағат 08 минутта жай үйде табиғи газбен жұмыс істейтін пештің ақауы салдарынан 3 адам, соның ішінде 12 жасар бала ыс тиіп ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр.