Алматыда 5 көлік соқтығысты


«Вольво» және «Митсубиши» көлікетір Райымбек даңғылымен шығысқа қарай жүрген. Сайын көшесіне жетер-жетпес жерде «Митсубиши» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы көлікке соғылған. Басқа жүргізушілер оқиғаны қызықтап қарап тұрғанда , көлік кептелісі пайда болыпты. Жұрт бірін-бірі жібермей тұрғанда тағы үш көлік - «Порше Кайен», «Мерседес» және «Деу Нексия» біріне-бірі соғылып тоқтаған.