"Күндіз Бостандық ауданының ішкі істер басқармасына (АІІБ) Бах көшесінің бойындағы үйлердің бірінің тұрғынынан хабар келіп түскен. Әйелдің айтуынша, оның көршісі әйелдің баласын пневматикалық мылтықтан бірнеше мәрте атқан. Хабар келіп түсісімен оқиға орынында полиция қызметкерлері жұмыс істеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
"Бах көшесіндегі бесінші үйге учаскелік инспектор келгенде үй иесі тағы да оқ жаудырған. Содан кейін ол жерге көмек келіп жетті. Атап айтқанда, ІІД арнайы бөлімі, дәрігерлер, құтқарушылар және өрт сөндіру бөлімшесі", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Амангелді Шідерқұлов.
Оның айтуынша, полиция және арнайы қызмет қызметкерлерін көрісімен үй қожайыны барлығының қарақшы екенін және ол қазір үйді жарып жіберетінін айтып, айғайлай бастаған. Полиция қызметкерлері қауіпсіздіктің барлық шараларын қолға алған. Ер адам тұрып жатқан үйді газдан және электр қуатынан ажыратып тастаған.
Үш сағаттан астам уақыт бойы келіссөздер жүрді. Ер адам өзін-өзі өлтіргісі келді. Бөлмелердің бірін өртеп те жіберді. Бірақ, оны біз тез арада өшірдік. Содан кейін ер адам бөлмелердің бірінен шықпай қойды", - деді А. Шідерқұлов.
Оқиға орынына ер адамның туған-туыстары шақырылған. Тіпті олардың өзіне ол есікті ашпай қойды. Содан соң полиция қызметкерлері тәртіп бұзушының өмірін сақтау үшін үйінен күшпен шығаруға шешім қабылдады. Тұтқындалар алдында үй иесі өзін сонда да болса жарақаттап үлгеріпті. Ол пышақпен мойынын жарақаттаған. Оған дер кезінде көмек көрсетілген.
"Қазіргі уақытта Бостандық АІІБ тергеу жүргізіліп жатыр. Оның есі дұрыстығын анықтау үшін бірқатар сараптамалар белгіленді. Сондай-ақ, тұтқындалуышының бұрын психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған-тұрмағаны тексерілуде. Оның бұл әрекетке психикалық аурулардың көктем кезінде ушығатындығынан баруы да мүмкін", - деп толықтырды А. Шідерқұлов.