Алматыда 5-ші республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтуде

Жәрмеңкенің мақсаты Қазақстандағы аса маңызды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелердің шешімін табу ісіне жұртшылықты тарту, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да мемлекеттік-коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік азаматтық бастамаларына қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын дамыту және нығайту.

Жәрмеңкенің аясында Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы; коммерциялық емес ұйымдардың және жобалардың тұсаукесер-көрмесі; Әлеуметтік саясаттың, әлеуметтік серіктестіктің және коммерциялық емес сектордың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу; Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін тарату мен жетілдіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша шеберлік дәрістерін өткізу; үздік идеялар мен жобалардың тұсаукесері; марапаттау рәсімі секілді шаралар өткізіледі.

"Жәрмеңкеге қатысу арқылы қоғамымыздың жүздеген белсенді азаматы өзара ой-пікір алмасуға, жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, алуан-алуан мәселені ортаға салып, талқылауға, жаңа серіктестер табуға мүмкіндік алады",- делінген қор хабарламасында.