Алматыда № 6-шы кәсіптік лицей Президент күнін атап өтті


Тамара Шакирова, №6-шы кәсіптік лицейдің директоры:

- Біз республика бойынша алдыңғы қатардағы білім ордасымыз. Ең үздік техникалық мекеме дәрежесін 3-ші жыл қатарынан алып келдік. Әрине осындай атаққа ие болып отырған соң біздің түлектерге сұраныс та көп.

Құрылғанына 33 жыл болған лицейде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Интерактивті тақта әр сыныпқа қойылса, шәкірттердің қолында бір-бір ноутбук. Әрі студенттер еңбек тәжірибесін алысқа бармай-ақ өз оқу орнында өте алады. Көлік жүргізіп, түрлі станокпен жұмыс істеуді үйренетін білікті оқытушылар да жеткілікті. Жаңа жылдан кейін колледж дәрежесін алатын оқу орны білім сапасынын жоғарылай түсетініне сенімді.