Аталмыш оқу орнының бастамасымен ұйымдастырылған спартакиадада университеттің әр факультеттері достық кездесулер өткізіп, арқан тартыс, бұқа тартыс, қол күрес, эстафета және тағы да басқа спорт түрлері бойынша сайысқа түсуде.
Кеше басталған жарыс бүгін эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін салтанатты концертпен және спортшы студенттердің шеруімен аяқталады. Кеш барысында қысқы Азия ойындарының тарихы мен Қазақстанда өтілуі жайында деректі фильм көрсетіліп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық қыздар университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттері Қазақстанның спортын дамытуға өз үлестерін қосып келе жатқандығы белгілі. Өткен, 2009 жылы аталмыш оқу орны 5-ші универсиада ойындарына қатысқан 70 ЖОО ішінде 35 медаль алып, алғашқы ондыққа кірген болатын. Бұл оқу орнында екі дүркін әлем чемпионы, ауыр атлетикадан әлем жеңімпазы Майя Манеза оқиды. Ол дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-ші курс студенті. Сонымен қатар оқу орны Татьяна Колпакова, Таиса Махмаева, Ақмарал Шыңғысханова сынды спортшыларын мақтан тұтады.