Алматыда 8 метр биіктіктен құлаған құрылысшы мерт болды

Медеу ауданындағы құрылыста жұмыс істеп жүрген «Азия Билдинг Групп» холдингінің жұмысшысы 8 метр биіктіктен құлап, жазым болды. Оқиға «Достық Плаза» сауда үйінің жаңадан салынып жатқан нысанында орын алған.


1990 жылы туған азамат Н.Беспаев алған жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.