Алматыда 9 адам көмірқышқыл газынан уланды

Төтенше жағдай қаланың екі бірдей ауданында болды. Алғашқы оқиға Медеу ауданында тіркеліп, барлығы 5 адам, соның ішінде 2, 4 және 6 жастағы үш бала көмірқышқыл газынан уланды. Ал тағы бір осындай қайғылы оқиға қаланың Әуезов ауданына қарасты Дружба ауылында болды. Мұнда 4 адам, соның ішінде 7 және 16 жасар екі бала зардап шекті.

Оқыс оқиғаларға көмір жағатын пештің ақауы себепкер деп саналуда.