Алматыда 9 инфекция ошағынан шектеу алынды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 9 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.

Шектеу алынған мекенжайлар:

- Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75;

- Түрксіб ауданы — "Алтай-1" ықшамауданы, 8; "Жас Қанат" ықшамауданы, 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а;

- Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;

- Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242.

Департаменттің мәліметінше, 31 наурыздағы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, қала аумағында коронавирустық инфекция ошағының 27 аймағы бар:

- Әуезов ауданында – жұқтыру ошағының 4 аймағы: "Жетісу-2" ықшамауданы, 70а; "Мамыр-4" ықшамауданы, 313; 6 ықшамауданы, 35; 1 ықшамауданы, 28.

- Алатау ауданында – "Заря-Восток" ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; "Ақкент" ықшамауданы, 7; "Ақбұлақ" ықшам ауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 мекенжайлары бойынша жұқтыру ошағының 5 аймағы.

- Алмалы ауданында – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекенжайы бойынша ошақтың 3 аймағы.


- Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62 мекен-жайы бойынша ошақтың 5 аймағы; "Самал-3" ықшамауданы, 25; Достық, 111/2; Достық, 116; Достық, 493.

- Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; "Құлагер" ықшамауданы, 45; Борзов к-сі, 85.

- Түрксіб ауданында 2 аймақ ошағы тіркелген: "Жұлдыз", 45; "Жұлдыз-1" ықшамаудандары, 13.

- Бостандық ауданында — 3 аймақ: Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310.

- Наурызбай ауданында – 1 ошақ, Береке көшесі 1/97 мекенжайында орналасқан.