Алматыда 9 қабатты 4 тұрғын үй сусыз қалды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат бүгін түнде қаланың Алмалы ауданында болған. "Автопаркинг астындағы шұңқырды қазу барысында 150 мм-лік ыстық және суық сумен қамтамасыз ететін құбыр жарылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Водоканал" МКК апаттық бригадасы су жіберуді тоқтатты, 9 қабатты 4 тұрғын үй сусыз қалды.

"Апататтан құтқару жұмыстары күндізгі уақытта жүзеге асырылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті