Алматыда Абай даңғылының бойында Gelandewagen аударылып қалды


Бұл туралы СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылының бойында Розыбакиев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Gelandewagen Розыбакиев көшесіне жетпей оң жаққа бұрылмақ болған. Сол сәтте автобустар жолағының бойында Mercedes көлігі келе жатқан. Екі көлік соғысып, нәтижесінде Gelandewagen аударылып кеткен. Жол апатынан Gelandewagen жүргізушісі зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.