Ұсталғандардың арасында ұйымдасқан топтың жетекшісі бар болып шықты, оны тінту кезінде 2 әскери граната, есірткі және 6 мың доллар тәркіленді. Жедел әрекет ету қызметкерлерінің мәліметі бойынша ұсталғандар "Әбдуәли" қылмыстық тобының құрамында, оның мүшелері 95-жылдан бері Тараз қаласында бірнеше ауыр қылмыс жасап, 1 ай бұрын құқық қорғау органдарының аңдуынан қашып Алматыға келген. Елдің оңтүстігінде қылмыскерлер шағын кәсіпкерлер, май құю стансаларының иелері, Тараздағы локомотив депосының жұмысшыларынан ақша бопсалаумен айналысып, қарақшылық шабуылдар жасаған. Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері қарақшылық топ мүшелері Оңтүсік Қазақстан облысының судьялары және прокурорларымен жақсы қарым-қатынаста, соңғылардың қанатының астында болғанын анықтады. Топ мүшелерінің үстінен 10 қылмыстық іс қозғағанмен, олардың жабылғаынн немесе тоқтатылғанын полицейлер осы жаймен түсіндіреді. Қазір "Әбдуәли" қарақышылық тобының 10 мүшесі ұсталды, жиырмасына іздеу салынды.