Алматыда адал емес құрылыс компанияларынан тәркіленетін нысандардың құрылысын аяқтайтын кәсіпорын құрылуда

В. Долженковтың хабарлауынша, қалада үлескерлер мәселелері жөніндегі комиссия құрылған. "Алматы қаласы әкімі аппаратының күрделі құрылыс кәсіпорыны" МКК негізінде Алматы қаласы әкімдігінің 100 пайыздық жарғылық капиталы бар ЖШС құрылуда. ЖШС негізгі міндеті адал емес құрылыс компанияларынан тәркіленіп және қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткізілетін нысандардың құрылысын аяқтау болып табылады.