Төлегенованың айтуынша, қалалық бюджеттен 8,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл жоба "Азаматтар көп жиналатын аумақтардағы видеобақылау жүйесі" деп аталады. Камераға түсірілген суреттерді Алматы қалалық полиция департаменті Жедел басқарма орталығының өкілдері көріп отырады. Камералар таяуда орнатыла бастайды екен.
"Қазақстандық, беларусь және жапон технологиялары арқылы адамдарды тани алатын бағдарламалық жасақтаманы енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, осы бағдарламалық жасақтамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр", - дейді Төлегенова.
"Алматы қаласын дамыту орталығы" басшысының айтуынша, осы камералар мен ондағы бағдарламаның көмегімен қандай да бір қылмысқа қатысы бар немесе іздеуде жүргендерді танып, олардың қайда екенін анықтауға болады.