Алматыда әдейі көлік астына түскен "жалған жәбірленуші” қолға түсті

Оқиғаны сол маңдағы көлік жүргізушісі видео тіркегішке түсіріп алып,әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Көлік жүргізушісі оқиғаның видеоға түсіп қалғанын айтқаннан кейін, “жәбірленуші” оқиға орнынан кетіп қалған.

ІІД баспасөз қызметі бұл іске екі адамның қатысы бар болуы мүмкін екенін айтты. Яғин, екінші адам көлігімен жол шетінде қалқалап жасырып тұрған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 190 бабы “алаяқтық” бойынша іс қозғалған.

Қазіргі таңда көлігімен оқиғаны қалқалап, жаппақ болған көлік жүргізушісі ұсталған. Ол Өзбекстан азаматы екен. Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне күдіктілерге қатысты төрт шағым түскен.