Алматыда «Адем» базарының саудагерлері өзара төбелесе жаздады

Өрт миллиондап шығынға батқан саудагерлер журналистерді жинап, өздерінің мүшкіл жағдайын айтуға келген. Алайда, араларында ауызбіршілік болмай шықты. Бірінің айтқанына бірі көнбей, баспасөз мәслихатының аяғы екіжақты дауға ұласты. Негізі, өртенген сауда үйінің жанынан жаңа құрылыс басталу керек болған екен. Бірақ ол жерге саудагерлердің көбінің барғысы жоқ. Сол мәселеге қатысты қызылкеңірдек болып қырқысып қалған олар ақыры ортақ мәмлеге келе алмай тарқасты.

Рысбике Айсылбаева, кәсіпкер:

-Біздің ортамызда да сондай адамдар бар.  Бірақ, ең негізгі басты мәселе қазір қандай біз үшін?  Тек қана қазір жұмыс орнын алу керек бізге. Жұмыс орнымызды алайық біз, жұмысымызды бастайық. Сонан кейін келесі мәселе қандай болады, соны шешуге кірісуге болады емес пе?!

Loading...