Алматыда «Адем» саудагерлеріне өтемақы берілмеуі мүмкін

Бастапқыдай емес, сауда орталағының алды бүгін біршама саябырсыған. Кей бөлімдерде тіпті бутиктер қайтадан ашылып, сауда басталған. Әрі іште арыздар қабылданып жатыр. Саудагерлердің сөзінше, базар басшылығы күл-талқаны шыққан кешенді тез арада тазартып, қысқа дейін онда құрылыс жүргізуге уәде етіп отыр екен. Ол біткенге дейін сыртта павильондарда сауда жалғасуы тиіс. Ең бастысы, сатушылар 6 айға салықтан босатылмақ. Сондай-ақ, бірнеше айға алдын-ала төленген жер ақысы да кері қайтарылады екен. Тек әзірге «Адем» басшылығы ресми жауап беруге құлықсыз. Естеріңізге салсақ, жексенбінің түнінде тұтанып, таңға дейін қызыл жалын ораған сауда кешенінің 25 мың шаршы метр аумағы өртенген еді. Содан 3 мыңға жуық адам қып-қызыл шығынға батты. Апаттың себебі әлі де анықталып жатыр.

Тулла Увашова, саудагер:

-Жеті адам біздің талабымызды базар әкімшілігіне жетікізіп отырады. Сондай-ақ, адвокат жалдамақпыз. Қазір өзін Ербол деп таныстарған «Адем» басшысы жиналыс жасады. Бәрін реттеймін уәде беріп отыр. Көреміз. Егер өтірік болса, сотқа дейін барамыз.

Loading...