Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды

Бостандық ауданы өрт орындағы ер адам бейнекамерадағы жазбалар мен куәгерлік айғақтарының көмегімен ұсталған. 1968 жылы туған ер адам өзінің от жаққанын мойындады.

“Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған”, – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда от жаққан ер адамның видеосын жариялаған еді. Пікір қалдырған азаматтар видеодағы адамның Көк-Төбе маңындағы өртті әдейі тұтатты деп болжаған.