Концертте консерваторияның камералық оркестрі өнер көрсетеді. Оркестрдің дирижері Ринат Ибрагимов (Ұлыбритания).
Концерт бағдарламасында Гендельдің, Эльгардың, Бриттеннің шығармалары және тағы да басқа ағылшын композиторларының туындылары орындалатын болады.
Ринат Ибрагимов - танымал контрабасшы, дирижер, педагог. Ол сонымен қатар, «Лондон симфония оркестрі» деп аталатын контрабасшылар тобының концертмейстері, бүкіл әлем бойынша концерттік және ағартушылық жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді. Бірнеше жылдан бері Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттерімен әріптестік орнатып, шеберлік сыныптар өткізіп, консерваторияның камералық оркестрінде дирижер ретінде өз тәжірибесімен бөлісуде.