Алматыда әйгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановқа тақта орнатылды

1915 жылы Баянауыл өңірінде дүниеге келген ғалым өмірінің соңғы жеті жылын осы үйде өткізген. Бекмаханов Кеңес кезіндегі көптеген жазушыларымыз сияқты Кенесарыға қара күйе жақпай, қайта оның ұлт азаттығы үшін күрескен ұлы тұлға екенін алғаш рет айтты. Қазақтың соңғы ханының дала кезген қарақшы еместігін ғылыми негізде дәлелдеді. Осы үшін де қызылдардың қуғынына ұшырап, Сібірге айдалған. Сол азапты жылдарда денсаулығын құртқан ұлы тарихшы небәрі 51 жасында ауыр науқастан көз жұмды. Бүгінгі еске алу шарасына ғалымның жары, ұл-қыздары мен ізбасар шәкірттері жиналды.

Халима Бекмұхамедова, Е.Бекмахановтың жары:

-Қажымадық. Балалар бәрі жұмыс істеп жүр. Шөбере сүйіп отырмын, мен өзім Құдайға ризамын.

Loading...