Биыл Ұлы Жеңістің 66 жылдығы аталып өтіледі. Кітап осы мерейтой аясында жарық көріп отыр.
Кітапта - ХХ ғасырдың негізгі оқиғалары, жеке тұлға мен қоғам, этнос және ұлттық қауіпсіздік, саясат және идеология, психология мен мораль, мәдениет пен дін арасындағы қақтығыстар қамтылған. Ең бастысы авторлар мұнда соғыстың тек алғашқы жылы, яғни 1941-шы жылдағы оқиға желісін ашуға тырысқан. Кітап мазмұнының бәрі оқиға куәгерлерінің естеліктерінен жинақталып, басылып шыққан.
Кітаптың авторы, тарихшы, журналист және қоғам қайраткері, профессор Л.С.Ахметованың айтуынша, кітап 15 өзекті деген сұраққа жауап беруге тырысқан. Ең бастысы мұнда олар 1941 жылғы Брест-Мәскеу жанындағы оқиғаларға жоғары көңіл бөлген.