Алматыда академик Мұхтар Әлиев дүниеден өтті

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне  А.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургия орталығының бауыр аурулары хирургиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Манас Сейсембаев хабарлады.

«Бұл оқиға бүгін таңертең болған», - деді М. Сейсембаев.

Оның айтуынша, М. Әлиевпен қоштасу 13 қаңтар күні сағат 10:00-да Алматыдағы Ғылым академиясының ғимаратында өтеді.

Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысында  дүниеге келген. 1957  жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1982-1987 жылдары Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры болды.