Алматыда алапат өрт болды


Өрт туралы хабар сағат 19:04-те түскен, бірнеше минут өткенде оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап

"Өрт сөндірушілер келген уақытта жағдай мынадай болған: көлікжайлар ашық түрде өртеніп жатты. Өрттің басқа да ғимараттарға көшу қауіпі болды. 20:17-де өрт ауыздықталып, 20:33-те толығымен сөндірілді. Қатты ыстықтан BМW маркалы көліктің алдыңғы терезесі, капоты мен төбесі бүлінген. Өрт аумағы - 100 шаршы метр. Өрт сөндіруге жеке құрамның 27 адамы мен 7 арнайы техника жұмылдырылды", - делінген ведомство хабарламасында.