Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Кейінгі аптада жүргізушілердің бірі түсірген видео Instagram-да тарады. Видеода ер адам жолда өткізбей тұрған Lexus көлігін тізгіндеген әйелге шағымданады.
Ол "мен - полиция қызметкерімін" дейді. Міне, осындай адамдар да болады. Кедергі оң жақта, бірақ ол жібергісі келмейді", - делінген видеода.
Мені де түсіріп алды. Егер көліктегі қыз полиция қызметкері болса, оның логикасы бойынша, қозғалысы ережелеріне мән бермей, барлық жерде жол беру керек пе?", - делінген видеодағы жазбада.
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында видео жарияланғаннан кейін полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтағанын жазды. Ол 1980 жылы туған әйел болып шықты.
"Азаматша Т. ӘҚБтК туралы ҚР 614-бабы 1-бөлігінде көзделген ("Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау") бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп жазды Әбдірахманов.
Ол құқық қорғау органдарының қызметкері ме деген сұрақты Алматы ПД бастығының орынбасары нақтыламады.