Алматыда алғаш гольф көрмесі өтеді

Шара барысында 2010 жылдың ең үздік гольфшілерін марапаттау рәсімі өтеді, сонымен қатар «Golfino» пен «Bogner» компанияларының спорттық модельдерінің көрсетілімі және гольф ойынына қажетті бұйымдардың сатылымы өтеді.

Көрменің негізгі мақсаты - жаңа ойыншыларды тарту және салауатты өмір салтын қолдау. Шара барысында барлық қатысушылар гольф-нұсқаушыларынан кеңес ала алады.