Алматыда алғаш рет Олег Меньшиковтың театрлық серіктестігінің қайырымдылық қойылымдары басталды

Бұл шараны Қазкоммерцбанк пен «Құс жолы» қайырымдылық қоры ұйымдастырған болатын. Ертең олар енді «1990-шы» деген қойылымды ойнамақ. Одан түскен қаражат церебералды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған Қазақстанның 20 қаласындағы сауықтыру орталықтарын жабдықтауға жұмсалады.

«Алматының атмосферасы мен көрермендері ерекше. Театрлық қойылымдардан бірінші боп «1900-шы» іспеттес қиын моноспектаклді алып келдік. Біздің қойылымдарымыздың қайырымдылық сипат алғаны қуантады. Шығармашылығымыз көрермендерімізді қуантып қана қоймай, ауру балаларға өз пайдасын тигізетінін білу, бізге екі есе қуаныш сыйлайды», - дейді Олег Меньшиков.

Жалпы «Құс жолы» қайырымдылық қоры жыл сайын өтетін «Дәрігер Аяз ата» акциясына биыл шамамен 15 миллион теңге аударуды жоспарлап отыр. Бұл соманың бір бөлігі Алматыда 13-15 қазанда өтетін «Ойыншылар» және «1900-шы» қойылымдарына сатылған билеттерден түседі. Ал қалған бөлігі церебералды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған сауықтыру орталықтарын бұлшық ет пен дене буындарын дамытатын арнайы жаттығу құралдарымен жабдықтауға жұмсалмақ.