Алматыда алғашқы Қайырымдылық көмек орталығы ашылды


Әлеуметтік жағдайы төмен, кез-келген көмекке мұқтаж жан орталыққа келіп, өзіне қажетті сырт киім, аяқ қиім, үй жабдықтары мен ойыншықтар сияқты заттарды тегін ала алады. Орталықтың жұмысы ашық және көпшілікке қолжетімді түрде жұмыс істейді. Әр ай сайын әлеуметтік желілерде мейірбандық танытқан тұлғалардың, ұйымдар мен компаниялардың тізімдері және көмек алушылардың саны көрсетіліп, мәлімет беріледі.
Акцияның мақсаты - тұрғындар арасындағы осындай әлеуметтік тұрғыда көмекке мұқтаж топтардың мәселелеріне көпшіліктің назарын аудару, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға, жетім балаларға, жарымжан қарияларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге, басқа да жалғызілікті жандарға тұрақты көмектесу.
Шараны ұйымдастырушылар қайырымдылық мақсаттағы және үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта кәсіпкерлік, «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалдарының өкілдері, ірі сауда орталықтары мен базарлардың иелері болып табылады.
Сонымен қатар кез-келген адам «Мейірімді жүрекпен» қоғамдық қозғалысының қатарына еніп, игі істерге өз үлесін қоса алатынын атай кеткен жөн.