Алматыда алкоголь өндіретін екі жасырын цех жойылды

Бүгінгі хабарламаға сәйкес, жасанды спирт ішімдіктерін өндіретін цехтың бірі 28 желтоқсан күні Түркістан ықшам ауданында анықталған.

Цехтан сатуға дайын тұрған әйгілі марканы жасанды 428 бөтелкесі, 375 бос бөтелке, 3 мың 282 жалған есептік-бақылау маркасы және 10 литр спирт табылған.
Сонымен қатар, «Шаңырақ-2» ықшам ауданында тағы бір жасырын цех әшкереленді. Жедел шара барысында сатуға дайын тұрған 220-дан астам спирттік ішімдік, 491 жалған есептік-бақылау маркасы табылған. Сонымен қатар, жасырын цехтан коньяк жасауға арналған 1 литр сұйықтық табылған.