Биыл 9-рет өтіп жатқан дәстүрлі бұл шараның ұйымдастырушысы ""Вело-Алматы" батамашылар тобы, Алматы қаласының велоспорт федерациясы және "Экстремальды атлетитка" қоғамдық бірлестігі. Бұл жарыс 2003 жылы Көктөбеде өткен болса, одан кейінгі жылдары Горный садовод кенті мен Сайран көлінде өтіп келген еді. Биыл ол Алматыдағы Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде болмақ. Онда жас ерекшелігіне қарай әуесқойлар арасындағы жарыста - әйелдер, жасөспірімдер (14-18 жастағылар), андерлер (19-22 жастағылар), ерлер (23-34 жастағылар), ардагерлер (35 жастан жоғарғы) 4 топқа топтаспақ. Спортшылар арасындағы бәсекеде 15-16 жастағылар бірінші, ал 17-18 жастағылар екінші топта бақ сынамақ.