Алматыда "Алматыинвестстрой" компаниясының үлескерлері қаржы полициясының алдында митинг өткізді

Үлескерлер Алматы қаласының қаржы полициясының басшылығына петиция жолдау үшін митинг ұйымдастырған. Олар петицияларында "АлматыИнвестСтрой" ЖШС бас директоры Сергей Дмитриенконың үстінен қозғалған қылмыстық істі толық және жан-жақты тергеуді талап еткен.