Алматыда алты адам көмірқышқыл газынан уланды

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Өжет ауылындағы жеке меншік үйлердің бірінде болған. Көмір жағатын пештің ақауы адамдардың көмірқышқыл газынан улануына себепкер болған. Зардап шеккендердің үшеуі 8, 10 және 14 жастағы кәмелеттік жасқа жетпеген балалар.