Алматыда алты адамнан тұратын отбасы көмірқышқыл газынан уланды

Министрліктің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 25-ақпанда Жетісу ауданындағы бір жеке меншік үйде болған. Көмір жағатын пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газынан уланған үш ересек адам мен үш бала ауруханаға жатқызылды.