Алматыда анасы баласын 2 мың долларға сатпақ болған

Бұл туралы Алматы қ. ІІД баспасөз қызметі  Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қызға 1 жас 3 ай. Материалдық пайданы ойлаған әйел өзінің 51 жастағы танысының көмегімен баласын сатпақ болды. Бірнеше күннен кейін жаңа ана атануға тиісті кандидат табылды. Ол кезде әйелдер бала үшін 2 мың доллар сұраған. 

Қызды сатып алушыға тапсырар кезінде және ақшаны алып жатқанда күдіктілер қолға түсті. Оларды тінту кезінде жалпы сомасы 670 мың теңгені құрайтын қаражат табылды. Белгілі болғандай, 200 мың баланың  биологиялық анасына, қалған 470 мыңы  делдал әйелге тиеслі болған екен», - деп хабарлады Алматы қ. ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша басқармасынан.

Жедел құрылымда атап өткендей, бір күн бұрын анасы қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатқан. Кейін 2 мың доллар ұсынған сатып алушы пайда болған соң  А. есімді азаматша қызын алып, жаңа келісімге дайындалған.  


«Кәмелет жасқа толмаған баланы саудалау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Істің өзге ақпараттары кейін анықталады», - деді баспасөз қызметінде.