Кеште әншінің «Менің сүйікті әндерім» атты тұңғыш альбомының тұсауы кесілді.
Альбом екі дискіден тұрады. «Тек Сіздер үшін...» деп аталатын бірінші таспаға қазақ, ағылшын, итальян, ағы да басқа тілдердегі 20 композиция, ал, екінші «Қарақшы» деп аталатын таспаға композитор Нұртай Еркеғұловтың музыкаларына жазылған әндер кірген.
«Екі дискіге де көп жылдан бері айтып келе жатқан сүйікті әндерім кірді. Мен өз өмір жолымды тыңдармандарға әндеріммен жеткізгім келді. Соңғы екі жылда достарыма 2000 дана әндерімнің көшірмесін жазып беріппін, содан кейін неге альбомымды шығармасқа деген ой келіп, міне тұңғыш ән жинағымды жарыққа шығарып отырмын»,- деді Ержан Нұрғалиев.
Кеш барысында әнші арманымен де бөлісті. «Сүйікті әншім болып табылатын Андреа Бочеллимен бірге ән салғым келеді», дейді ол.
Композитор Нұртай Еркеғұловтың айтуынша, Ержан Нұрғалиев талант иесі. «Оның бойында табиғат берген дарын бар. Дара вокальды қабілеті бар, Ержанның болашағы зор деп білемін. Бүгінде оның шығармашылығын жақын және алыс шетелдіктер жақсы біледі», -деді ол.
Ержан Нұрғалиев - тенор дауысты әнші, танымал классикалық әндердің, әлемдік хит әндердің қазақстандық жалғыз орындаушысы. Ол ҚР Халық әртістері Нәдия Шәріпова мен Ермек Серкебаевтің шәкірті болып табылады. Ол итальян әндері фестивалінің лауреаты. Оны қазақстандық музыканттар әлемге танымал әншілер Андреа Бочелли мен Николай Басковқа теңейді».