Алматыда әнші Қайрат Нұртастың анасы жол-көлік оқиғасына ұшырады

Ол «Лексус» көлігімен бағдаршамы жұмыс істемей тұрған қиылысқа шығып кетіп, басқа машиналарға жол бергісі келмеген. Ал жүргізшілер оқыстан шыға келген көліктің қозғалысына реакция білдіріп үлгермеген. Нәтижесінде Г.Айдарбекова бір жеңіл көлікті соғып өткен.

Тағы бір көліктің жүргізушісі бұл сәтте тежегішті басып үлгермей, әншінің анасының машинасына соғылған. Абырой болғанда, көліктердің жылдамдығы төмен болғандықтан, зардап шеккендер болған жоқ. Тек апат себепкері болған «Лексус» көлігі аздаған зардап шеккен.

Енді Гүлзира Айдарбековаға өз көлігін жөндетуден басқа, зақым келген басқа да көліктердің иелеріне өтемақы төлеуіне тура келуі мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.