Алматыда апат салдарынан 2 мыңдай пәтер суық сусыз қалды

""Казспецмонтаж" ЖШС жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 300 мм-лік су құбырына зақым келтірген. Соның салдарынан Төле би - Райымбек - Гайдар - Брусиловский көшелеріндегі 2 мыңдай пәтер суық сусыз қалды", -делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жөндеу жұмыстарын "Водоканал" ҚКК апаттық тобы жүргізді.