Алматыда "Апаттық Газ қызметі" ЖАҚ-ның қызметкері құбырды демонтаждау барысында қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зардап шегуші газ құбырын демонтаждап жатқан кезде құбыр оның басына құлаған. Монтажшы жедел жәрдем машинасы келмей тұрып, оқиға орнында жан тәслім етті.

Аталмыш дерек бойынша тексеру жұмыстары басталды.