Бұған дейін саябақтың бірінші кезегі 2005-жылдың шілде айында іске қосылады деп межеленген -тұғын. Артынан бұл мерзім 2005-жылдың тамыз айының аяғына дейін шегерілді.
Бауыржан Әбдірәсіловтың айтуынша, пайдалануға беру мерзімін шегеруге "құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуі" себепші. "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ өкілінің айтуынша, қазіргі жағдаймен республикалық бюджеттен бөлінген 700 млн. теңге іс жүзінде игерілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтының базасында техносаябақ құру туралы шешімді республика үкіметі 2003-жылы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасының аясында қабылдады. Ол ақпараттық технологияларды дамыту, сондай-ақ, ядролық физика институтының басты жұмыс бағыты болып табылатын жоғары технологиялық қолданбалы ядролық технологияларды дамыту, медицина мен өнеркәсіпте радионуклидтерді пайдалану салаларында мамандануға тиіс.
"Алатау" техносаябағын құруда "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ына кеңесшілік рольді Сингапурдың "Джуронг" компаниясы атқарады. Бұл компания Бангалор мен Қытайдағы бірқатар техносаябақтарды басқарушы кәсіпорын болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті